Орталық жаңалықтары

Ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және атаулы «Шыңдалу» мектебінің облыс бойынша мүшелері қатысты.

Вебинарды оқу-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы ашып, «Шыңдалу» мектебі бойынша облыс көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

Вебинар барысында Бейнеу аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мелешов Азамат Кенесбайұлы Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасының жүрісі, ережесі, өту барысы жөнінде таныстырды.

Сонымен қатар, Бейнеу аудандық білім бөлімінің Бейнеу лицейінің директоры, «Шыңдалу» мектебінің мүшесі Азанова Гүлраушан Бақытқызы «Атаулы мектептің айтулы жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Бақыт Балұлы атындағы олимпиада Бейнеу ауданында 2022, 2023 жылдары аудандық деңгейде өтіп келеді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында 2024-2025 оқу жылында Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарында пилоттық жоба ретінде өткізу жоспарланды.

Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз. 

title=title=title=title=


Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыруда «Құндылыққа ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» республикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 18 сәуір күні облыстық сараптамалық кеңес ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Әдістеме: шеберлік, кәсібилік, біліктілік» ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырысқа «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 5-сәуір күні Маңғыстау ауданы ,М.Атымов атындағы N6 жалпы білім ...

2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыстық ...

2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру ...