Орталық жаңалықтары

Ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және атаулы «Шыңдалу» мектебінің облыс бойынша мүшелері қатысты.

Вебинарды оқу-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы ашып, «Шыңдалу» мектебі бойынша облыс көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

Вебинар барысында Бейнеу аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мелешов Азамат Кенесбайұлы Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасының жүрісі, ережесі, өту барысы жөнінде таныстырды.

Сонымен қатар, Бейнеу аудандық білім бөлімінің Бейнеу лицейінің директоры, «Шыңдалу» мектебінің мүшесі Азанова Гүлраушан Бақытқызы «Атаулы мектептің айтулы жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Бақыт Балұлы атындағы олимпиада Бейнеу ауданында 2022, 2023 жылдары аудандық деңгейде өтіп келеді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында 2024-2025 оқу жылында Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарында пилоттық жоба ретінде өткізу жоспарланды.

Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз. 

title=title=title=title=


2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы М. Әуезов атындағы № 20 жалпы білім ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылғы 28 наурыз күні мектепке дейінгі ұйымдағы дене тәрбиесі ...

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық семинар Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні облыстық мобильді топтың ...

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ZOOM платформасы арқылы «Цифрлық білім ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының іс-шаралар жоспарларына сәйкес, 2024 жылдың 28 ...

Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 28 ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде “DigitalSkills Aktau 2024» ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының И.Сүйеубаев атындағы №8 ...