Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Маңғыстау ауданына жүргізілген мониторинг «Маңғыстау ауданындағы білім ...
2022 жылғы 17-18 қараша күндері Ақтау қаласының С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім ...
Маңғыстау облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...
2022жылғы 17 қазан күні Ақтау қаласының Каспий өңірі «Болашақ» колледжі базасында ...
Мектепке дейінгі ұйым веб-сайтының қызметін зерделеу, сапасын бағалау ...
Ағымдағы жылы 15 қараша меншік нысанына қарамастан барлық техникалық және ...
2022 жылғы 03 қараша күні Жаңаөзен қаласының №24 мектеп-лицейінде ғылыми-зерттеу ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы іс-шаралар ...
01-02.11.2022ж. Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінде педагог кәсібінің ...
2022 жылдың 27 қазан күні Маңғыстау облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні ...