Орталық жаңалықтары

«Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып, тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алу үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру, оңтайлы әдістерді қарастыру.

 Қамтылған аудитория: Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарынан 63 маман қатысты.

Семинардың негізгі бөлімінде:

Сарсенова Камшат Жамбылқызы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі - «Көзі нашар көретін оқушыларға ағылшын тілі пәнінде қолданылатын АРТ-терапия әдіс-тәсілдері»;

Қуанышбекова Маржан Асқарқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-дефектологі - «Қазақ тілі пәнін зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту ерекшеліктері мен өзекті мәселелері»;

Сүлейманова Алмагүл Халдыбайқызы, №3 арнайы мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі - «ЕББҚ балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар соңында мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Google форма арқылы кері байланыс толтырды. 

title=title=title=title=


2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы филиалында  «Әншуақ» фестивалі, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 18 наурыз күні Түпқараған ауданының Сайын ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 18 наурыз күні Маңғыстау ауданы ,N 7 мектеп-лицейде бастауыш ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз күні Ақтау қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінде облыстық ...

Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні Мұнайлы ауданы  №7 жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында білім алушылардың ұлттық сана ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 7 наурыз күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» ...

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын ...