Орталық жаңалықтары

Облыстық «Есірткісіз болашақ» байқауы

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылғы іс-шаралар жоспары мен 27.11.2020 жылғы №76-нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні облыстық «Есірткісіз болашақ» байқауы қашықтан өткізілді.

Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінен жеңімпаз болған 24 оқушы қатысты.

Орталықтың байқауды өткізу туралы бұйрығымен бекітілген қазылар алқасының мүшелері келіп түскен жұмыстарды саралап, бағалау жұмыстарын жүргізді. Қорытындысында, төмендегідей жеңімпаздар орталықтың дипломдарына ұсынылды:

«Есірткі – ғасыр тажалы» сурет салу номинациясы:

І орын – Жолдығұл Қарақат (Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы);

ІІ орын – Жумали Алдияр (Ақтау қаласы, №21 орта мектебінің 7 сынып оқушысы) ;

ІІІ орын – Жандарқызы Нұржауған, (Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 7 сынып оқушысы);

ІІІ орын – Жанұзақова Альфия (Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектебінің 11 сынып оқушысы).

«Нашақорлық – қоғам дерті» эссе жазу номинациясы:

І орын – Ерманова Ақбота (Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы);

ІІ орын – Купешова Амани (Ақтау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы) ;

ІІІ орын – Сахиева Жаңылсын (Мұнайлы ауданы, №8 орта мектебінің 10 сынып оқушысы);

ІІІ орын – Анесова Нұржайна (Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы).

«Мен өмірді қалаймын» өлең шығару номинациясы:

І орын – Мұханбет Батырбек (Мұнайлы ауданы, №4 орта мектебінің 5 сынып оқушысы);

ІІ орын – Шапағат Сүйіндік (Қарақия ауданы, №11 орта мектебінің 6 сынып оқушысы) ;

ІІІ орын – Бекназар Айсұлу (Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы);

ІІІ орын – Мусаев Аманжол (Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы).

Байқау жеңімпаздары мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтай отырып, алғыс айтамыз! 

title=title=title=


Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 12-23 қараша ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының  іс- шаралар ...

Бүгін 10-шы қарашада облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының  іс- шаралар ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс –шара ...

2020 жылы, 4 қараша күні сағат 15:00-де облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

2020 жылдың 28 қыркүйек күні Республикалық «Айбын-2020» VI республикалық ...

2020 жылы, 22 қазан күні сағат 11:00-де облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – ...