Орталық жаңалықтары

«Үздік БЖБ» облыстық байқауы өтті


2023 жылдың 28 сәуір күні «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Үздік БЖБ» байқауы өтті.

Оқу процесіндегі білім алушыларға арналған жиынтық бағалаудың озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және жариялау, жинақтау, педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткен байқауға 35 мұғалім қатысты.

Байқау оқу мақсатына сәйкес келуі, ойлау дағдыларының деңгейі бағалау критерийіне сәйкес келуі, тапсырма құрастырылуының түсінікті болуы, тапсырманың жас ерекшелігіне сәйкес келуі, дискрипторлар, ұпай қою кестесі тапсырмаға сәйкес келуі бойынша бағаланды.

Байқау соңында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазылар алқасының шешімімен:

І орын: Тініқұл Зияда Нұрлыбекқызы, Жаңаөзен қаласы, №22 ЖББМ мұғалімі;

ІІ орын: Жалғасбаева Нұргүл Жексенбайқызы, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы  мектеп-гимназиясының мұғалімі;

ІІ орын: Қуанова Ләззат, Бейнеу ауданы, Опорный ЖББМ мұғалімі;

ІІ орын: Пиржанова Жадыра Нажимовна, Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі;

ІІІ орын: Амалова Ақжүніс Оспанқызы,  Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің мұғалімі;

ІІІ орын: Мухаммедова Гулнар Кадырбаевна,  Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі;

ІІІ орын: Байекеева Рысгул Биргалевна,  Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі;

ІІІ орын: Сапарова Гүлжан Смагилаевна,  Бейнеу ауданы, Ақжігіт ЖББМ мұғалімі;

ІІІ орын: Жумашова Фариза Жаксылыковна, Қарақия ауданы, №3 ЖББМ мұғалімі дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды  құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

title=title=title=title=


Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өтетін ...

Өткізу мерзімі: 21-31.07.2020 жылы Өту уақыты: 14.00-17.00 Ұзақтығы: 72 академиялық ...

ЕГЕР СІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТАП БОЛСАҢЫЗ, ОСЫ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ  CALL-ОРТАЛЫҚ ...

Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру ...

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен ...

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру ...

Маңғыстау облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру ...

2020 жылдың 15-19 маусым аралығында <Назарбаев Зияткерлік мектептері> ДББҰ Пшо ...

Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні «Қылмыстың алдын алу ортақ міндет» ...