Облыстық «Мерген ару – 2025» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өтті
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласының №19 Төлеген Айбергенұлы атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар арасында «Мерген ару – 2025» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының облыстық кезеңі өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Кашинов Амангелді Аманжанұлы мен Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері лейтенант Бушиев Серік Асқарұлы қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарға мәдени және әскери – патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, қыздар арасында әскери – қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.
Облыстық «Мерген ару – 2025» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы болған және облыстық мектептердің 15-17 жас аралығындағы оқушы қыз балаларынан құралған 7 команда қатысты.
Сайысқа қатысушылар бірінші кезеңде ВП-І шынтақпен бағанаға немесе тіреуге сүйеніп, тұрып ату бойынша, екінші кезеңде ВП-ІІ тіреусіз, тұрып ату әдісі бойынша сынға түсті.
Сайыстың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:
І орын – Мұнайлы ауданы «Жебе» тобы;
ІІ орын – Қарақия ауданы «Жас сарбаз» тобы;
ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы Қайсар тобы;
Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы «Жебе» командасының мүшесі Аманкелді Гаухар «Үздік мерген» номинациясына ие болды.
Сайысқа қатысушы қалған командаларға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттары табысталды.
Сайыстың барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік ...
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға ...
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2022 жылдың 25 ақпан күні «Педагогтың ...
2022 жылдың 24-25 ақпаны күндері Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...
Ақтау қаласындағы білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери технологиялық ...
2022 жылдың 24-ші ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2022 жылдың 24 ақпан күні «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ...
Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...



















__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)


