Орталық жаңалықтары

Сүйінші жаңалық!

Сүйінші жаңалық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!

Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.

Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.

Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...