«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс- шаралар ...
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық ...
2021 жылдың 6 мамырында ZOOM платформасында «Оқушыларды шығармашылық байқауларға ...
30.04 күні облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – ...
2021 жылы 29 сәуір күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ...
29.04.2021ж күні, сағат 16.00-де математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...
22.04.2021ж. ҰБТ тапсырмаларында кездесетін «Геометрия есептері», «Комбинаторика», ...
17.04.2021ж Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы «Шек», «Комбинаторика», ...
Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Батыр ауылы №15 жалпы білім беру мектебінде "Отбасы ...
Маңғыстау облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің «БАСТАУ» қауымдастығының ...