Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 14.10.2021 жылғы №14 нқ бұйрығына сәйкес, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 14.10.2021 ж. №15 нқ бұйрығына сәйкес, 2021 ...

...

18 қараша күні Yessenov университетінің «Union» жоғарғы студенттер кеңесінің ...

2021 жылы 17-18 қараша күндері Атырау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ...

17.11.2021ж күні облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының іс-шаралар ...

2021 жылы 15-19 қараша күндері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ...

2021 жылы 17-18 қараша күндері Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл ...

2021 жылы 15 қараша күні Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының ...