Орталық жаңалықтары

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 14.11.2023 жылғы №686/15-11-07 хаты негізінде, 2023 жылдың 11 желтоқсаны күні «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында өткен фестивальда облыстағы жалпы білім беретін ұйымдардан 5 бағыт бойынша 50 жұмыс қаралды.

Облыстық кезеңнің әр бағытының жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды:

«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша:

Қуанышова Гүлбану Ідірісқызы, Ақтау қаласының И. Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Бөкен Жамал Спанқызы, Мұнайлы ауданының Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің директоры.

«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша:

Қаржаубаева Амангүл Орақбайқызы, Мұнайлы ауданының №3 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі;

Бақаев Алібек Талғатұлы, Ақтау қаласының №30 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;

Ақниязова Рыскүл Түзелбайқызы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Нұржанова Гүлден Алғазықызы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

Басбаева Айнұр Ибадуллақызы, Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

Қызылғұлова Әйгерім Нұртайқызы, Ақтау қаласының ІТ мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.

«Шығармашыл толқын» бағыты бойынша:

Досыбай Назира Көшербайқызы, Маңғыстау ауданының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі.

«Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша:

Жаңабергенова Мейрамгүл Сауидуллақызы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі.

«Психолог сандықшасы» бағыты бойынша:

Амалова Ақтолқын Оспанқызы, Түпқараған ауданының Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің педагог-психологы.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 

title=title=title=


2024 жылғы 12 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы ...

2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...

2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу ...

2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 ...

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық ...

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп ...