"Қорытынды аттестаттауға дайындау" тақырыбында вебинар өтті
29.04.2021ж күні, сағат 16.00-де математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жоспарына сәйкес «2020-2021 оқу жылында математика (алгебра) пәні бойынша 9(10) сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» тақырыбында вебинар өткізілді.
Спикерлер:
Мұнайлы ауданы №6 жалпы білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі Актилевов Абай Аманбергенұлы
ІТ лицейінің математика пәні мұғалімі – Диханова Жүзім Сыдиыковна.
2020-2021 оқу жылындағы 9 – сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудағы бағалау мақсаты, оқу бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесімен өзара байланысы, емтихан жұмысының сипаттамасы, орындау уақытының ұзақтығы, бағалау міндеттері, емтихан жұмысына балл қою және баға беру процесімен таныстырылды.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім беру мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптары үшін «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Қорытынды аттестаттау критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады, осы жүйеге қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады: А бөлімі көп таңдауды қажет ететін сұрақтардан, В бөлімі қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау кезеңінде қандай тақырыптарға мән берілу керектігі және тапсырманы тексеру барысында неге көбірек көңіл бөлінетіндігі атап көрсетілді
29 сәуір 2021 жыл
16:00
#Маңғыстау_облыстық_оқу_әдістемелік_және_қосымша_білім_беру_орталығы
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...