Орталық жаңалықтары

«Абай-дана, Абай-дара қазақта»

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өтетін өнер байқауының ережесі. «Мұрагер» орталығының ұйымдастыруымен «Абай-дана, Абай-дара қазақта» өнер байқауын онлайн түрде ұйымдастырады. Халықаралық өнерлі балалар мен жасөспірімдер байқауы 2020 жылдың 25 маусым және 15 шілде айы аралығында өтеді.

БАЙҚАУДЫҢ ЖАНРЛАРЫ:

«Эстрадалық вокал», «вокалды топтар, хор»

«Дәстүрлі ән»

«Аспапта ойнау»

«Көркем сөз»

«Ақындық өнер»

«Шығарма»

«Хореография»

«Бейнелеу өнері»

«Қолөнер»

БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың бір әнін немесе балалар әнін орындайды. Дуэт, трио, квартет, вокалды топтар және хор қатыса алады. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минут. Әнді видеоға түсіріп, 87081037546 WhatsApp номеріне жіберуі керек.

«Дәстүрлі ән» жанры бойынша қатысушы аспаптың сүйемелдеуімен Абай Құнанбаевтың шығармасынан немесе еркін тақырыпта бір ән орындауы шарт. Уақыт – 2,5-3 минут. 87081037546 WhatsApp номеріне видео жіберуі қажет.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы, қатысушы топтар кез келген автордың туындысынан бір шығарманы аспапта ойнауы қажет. (домбыра, қобыз, фортепиано т.б) Орындаушыға берілетін уақыт -2,5 мин. 87081037546 WhatsApp номеріне видео жіберуі қажет.

«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың шығармасынан бір өлеңін немесе бір қара сөзін жатқа мәнерлеп оқуы керек. Орындау уақыты-2-2,5 мин. 87081037546 WhatsApp номеріне видео жібереді.

«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевқа арналған өзі шығарған бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. 87081037546 WhatsApp номеріне видео жібереді.

«Шығарма» жанры бойынша Абай Құнанбаев жайлы шығарма жазып, zhasonerpaz@mail.ru электронды почтасына жіберуі шарт (14 шрифтпен 2 беттен аспауы керек)

«Хореография» жанры бойынша жеке немесе топтық қатысушылар еркін тақырыпта бір би орындайды. 87081037546 WhatsApp номеріне видео жібереді.

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың портретін немесе оның өлеңдерімен байланыстырып бір немесе бірнеше сурет салып, оны фотоға түсіріп, 87081037546 WhatsApp номеріне жібереді.

«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы өз қолымен жасаған бір немесе бірнеше бұйымын (жұмысын) фотоға түсіріп, 87081037546 WhatsApp номеріне жібереді.

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp 87081037546

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

5 – 7 жас аралығы – бүлдіршін топ

8 - 10 жас аралығы – кіші топ

11 - 13 жас аралығы – орта топ

14 - 16 жас аралығы – жасөспірім топ

17 - 20 жас аралығы – жоғарғы топ

Жүлдесі:

Жеке және топтық қатысушыларға – диплом беріледі.

Жетекші ұстаздарға «Құрмет грамотасы» беріледі.

Жеңілдіктер мен жолдамалар:

Жеңілдіктер арқылы Алматы қаласында 2020 ж. қазан айында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өтетін Халықаралық байқауға жолдама беріледі.

I, ІІ, ІІІ – орын алғандарға 10% жеңілдік. Бас жүлде алған жеңімпазға тегін жолдама беріледі.

Нәтижесі 17 шілде күні дайын болып, zhasonerpaz.online инстаграм парақшасына жарияланады. Жүлделер 19 шілдеден бастап электронды почта арқылы жіберіледі.

Қатысу жарнасы:

Жеке қатысушыға – 1500 теңге.

Топ болып қатысатындарға (Эстрадалық вокал, аспапта ойнау, сахналық көрініс, хореография, дәстүрлі ән жанры бойынша қатысатындарға) адам басына – 1000 теңгеден.

Төлем жасау үшін: Каспий голд картасы 5169 4931 8804 7149 (87054322069 тел номеріне тіркелген) Калабай Ибрагимович А. (ИИН 690620302514)

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp: +7 708 103 75 46

Өтініш толтыру кестесі (үлгі)

Қатысушының (топтың) аты-жөні толығымен

Ибраев Мақсат

Толық жасы 10 жас

электрондық почтасы kazieva@mail.ru

Қатысатын жанры «Эстрадалық вокал» жанры

Шығарманың атауы «Қазақстан»

Қатысушының жетекшісі,

жетекшінің телефон нөмірлері: Мұхамеджанова Забира Нұрланқызы

8776 878 84 78 

title=


2024 жылдың 19-шы қыркүйегінде Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ...

Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...