Орталық жаңалықтары

«Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

2026 жылғы 26-27 наурыз күндері Астагна қаласы,№115 жалпы білім беретін мектеп базасында «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы және «Зерделі » ақыл – ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен мемлекеттік және орыс тілінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне облыстық кезеңнен озып шыққан 8 педагог қатысты. Олимиада екі кезеңде өтті.

І кезең - Жекелей сайыс

ІІ кезең – Командалық есептер сайысы

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау кезінде қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей орындар иеленді.

ІІ орын -Ақтау қаласы, №13 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сабиева Гулайым Жанбарбаевна;

ІІ орын- Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кашакова Алия Сандигалиевна;

ІІІ орын - Ақтау қаласы, Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Янкина Ирина Евгеньевна;

ІІІ орын -Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекембаева Рыскан Коштаевна:

Грамота - Түпқараған ауданы,Шахта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исаева Жанна Айжарыковна.

Командалық сайыста «Зерделі ұстаз» командалық есептер сайысында көрсеткен жоғары нәтижесі үшін Маңғыстау облысы ІІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!!! 

title=title=title=title=title=


2026 жылғы 26-27 наурыз күндері Астагна қаласы,№115 жалпы білім беретін мектеп ...

2026 жылдың 26 наурыз күні Түркістан қаласында математика пәні мұғалімдері ...

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың 2–3 сәуір күндері ...

2026 жылдың 23 наурыз күні Алматы қаласында жас математика пәні мұғалімдері ...

2026 жылдың 20 наурыз күні Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін мектеп ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

2026 жылғы 17 ақпанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...