Орталық жаңалықтары

«Арт-терапия тәсілі арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету әдістері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 27 қыркүйек күні «Арт-терапия тәсілі арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету әдістері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті. Жалпы білім беру ұйымдарында арт-терапия тәсілі арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық және әлеуметтік саласындағы оң өзгерістерге қол жеткізуін тиімді ұйымдастыру және жұмыс жүргізетін мамандар арасында ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында өткізілген семинарға білім беру ұйымдарынан 90-ға жуық арнайы педагогтер қатысты.

Семинар барысында:

Тасбулатова Тузелхан Жетпісбайқызы, Мұнайлы ауданы №4 жалпы білім беретін мектептің педагог-дефектологы

- «Арт-терапия техникаларын ерекше білімді қажет ететін оқушыларға танымдық қабілеттерін жақсарту мақсатында қолдану»;

Жангалиева Алия Орынғалиқызы, Қарақия ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің педагог-ассистенті

- «Арт-терапияның бала дамуына әсері»;

Ниязбаева Жанат, Түпқараған ауданы Ж. Мынбаев атындағы мектеп-гимназиясының дефектологы

- «Құм терапиясы» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Google сілтеме арқылы кері байланыс жасады. 

title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...