Орталық жаңалықтары

«Бастауыш сыныпта білім беру сапасын арттыру мен инклюзивті білім берудің педагогикалық құралдары» тақырыбында облыстық семинар өтті

2023 жылғы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы, И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте «Бастауыш сыныпта білім беру сапасын арттыру мен инклюзивті білім берудің педагогикалық құралдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне облыстық семинар өтті. Семинарға аудан,қаладан 60 мұғалім қатысты.

Облыстық семинарда:

Тоғысова Жамила Айтуарқызы, педагог-зерттеуші, ОББОӘО бастауыш сынып әдіскері, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке білім беру траекториясын жоспарлауды үйрету»;

Балмұханова Майра Найзабекқызы, педагог-зерттеуші, Ақтау қаласы, Жайсаң жеке бастауыш мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын дамыту» ;

Қаламбаева Ұлбала Маратқызы, педагог-сарапшы,Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі «Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс – тәсілдер»;

Қоңырбаева Нұрғаным Аманқосқызы, педагог-зерттеуші, Ақтау қаласы, №22 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру- сапалы білім кепілі-іс тәжірибе»

Мұратқали Ләззат Мұратқалиқызы, Ақтау қаласы, №19 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды арнайы жағдайлар жасай отырып, жалпы білім беру үдерісіне енгізу»

Өтешова Амангүл Тасқарақызы, Ақтау қаласы, №10 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер» тақырыбында әдіс – тәсілдерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс жасалып, сауалнама алынды. Қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге ризашылықтарын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...