Орталық жаңалықтары

«Білім беру платформалары мен электронды ресурстарды қолдану» тақырыбындағы облыстық вебинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2023 жылдың мамыр айының 11 күні облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған облыстық вебинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - Жаңа педагогикалық идеялар мен білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылар шығармашылығын дамыту, білім сапасын арттыру.

Семинарға әр аудан/қаладан және облыстық білім беру ұйымдарының 86 информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинарда аудан/қаладан 5 баяндамашылар тәжірибелерімен бөлісті:

1. Жұмаева Назгүл Қаратайқызы, Ақтау қаласы №9 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі «Quizizz – платформасы арқылы тест құрастыру»;

2. Қайнарбаева Гүлжайна Қалиханқызы, Қарақия ауданы, Қарақұдық жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі «Umaıgra платформасын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру»

3. Қорбақова Ботакөз Қуанышқызы, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің информатика пәні мұғалімі «Информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстар»;

4. Мамакова Парида Полатқызы, Қарақия ауданы №4 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі «Canva қосымшасымен жұмыс жасаудың тиімділігі»;

5. Өтегенова Нұргүл Базарбайқызы, Бейнеу ауданы «Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі «Learningapps – платформасының тиімділігі» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда педагогтер іс-тәжірибе алмасып, cұрақ-жауап қойып, пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...