Орталық жаңалықтары

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызының қатысуымен семинар өтті.

Білім беру ұйымдарында тәрбие бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, біртұтас тәрбие бағдарламасын түсіндіру мақсатында өткізілген семинарға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтер, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер, орталық әдіскерлері, барлығы 440 маман қатысты. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының маманы І.Тұрарова, Мұнайлы аудандық орталық аурухананың аға психологы Г.Жамалова, полиция басқармасы ЮПТ инспекторы, полиция подолковнигі Ж.Сарбасова, АПБ учаскелік полициясы Е.Тельжанов ат салысты.

Семинар қатысушыларына Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарындағы оқушы білімін берік ету, білім алуға кедергі жоқтығын сезіндіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, білім сапасын көтеру, үштік одақ байланысын нығайту мақсатында жұмыс жасап тұрған «Құндылықтарға бағытталған білім беру» жобасы аясындағы «Абайтану», «Ыбырайтану», «Шоқантану», «Әбіштану», «Құндылықтар әлемі», «Еріктілер» клубының жұмыстары таныстырылды.

Спикерлер қатысушыларға аталған бағдарламаның теориясы мен тәрбиесін түсіндіріп, алдағы жоспарлар туралы мағлұмат берді.

Қорытындысында мамандар бір-бірімен кері байланыс жасап, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=title=