Орталық жаңалықтары

«Жемқорлықсыз әлем» облыстық сырттай эссе байқауы

Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында 2021 жылы 11 қазан күні «Жемқорлықсыз әлем» облыстық сырттай эссе байқауы өткізілді.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға білім беру ұйымдарынан 11 оқушы қатысты.

Байқаудың облыстық кезеңінде қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, рухани-адамгершілік және заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру бағытында жазылған эссе жұмыстары қаралды.

Келіп түскен жұмыстарды қазылар алқасы қарап, қорытындысында:

8-9 сыныптар бойынша:

І орын – Қосшы Жамбоз, Қарақия ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы;

ІІ орын – Доғдырбай Шаттық, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко интернатының 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Төремұратов Досан, «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

10-11 сыныптар бойынша

І орын – Айберген Азамат, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

ІІ орын – Нысанбай Жұлдызай, Ақтау қаласы, №13 гимназияның 11-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Уәлихан Арайлым, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Машрық Аружан, №12 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы.

Байқау жеңімпаздары орталықтың арнайы дипломдарымен марапатталды.

Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! 

title=title=


"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...

Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...

2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...

2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...

Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...

2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...

Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...

2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...

Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...