Орталық жаңалықтары

«ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету. «ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Фестиваль-байқауға жалпы және арнайы білім беру ұйымдарынан 58 бала (18 бала жеке, 40 бала ансамбль) қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, қорытындысында 17 бала фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Республикалық кезеңде қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

title=