«Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
2021жылы, 22 сәуір күні сағат 16:00-де көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті. 100 мұғалім zoom платформасы арқылы қатысты.
Вебинардың мақсаты: білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің көзқарасын және кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының қоғамдық-гуманитарлық бөлім жетекшісі Бертлеуова Анастасия Ермековнаның айтуынша, бүгінгі таңда білім саласының алдында білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін, креативті жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды мәселе.
Вебинардың спикерлері:
Садирбаева Қарлығаш Парахатовна–Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің Қызылтөбе лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі.(«Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»),
Белбаева Шынар Сейліханқызы–Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі. («Оқушыларды облыстық, республикалық көрме, байқауларға дайындауды ұйымдастырудың тиімді жолдары»),
Қартжанов Оразғали Гурбанбаевич–Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің IT мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі. («Көркем бұйым жасауда оқушылардың икем-дағдысын қалыптастыру»).
Сонымен қатар, спикерлер педагогтің кәсіби өсуі және қолдау жүйесі туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Онлайн кездесу барысында мұғалімдер өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Спикерлерге өз тәжірибелерімен бөліскендері үшін сертификат берілді.
22 сәуір 2021 жыл
16:00
#Маңғыстау_облыстық_оқу_әдістемелік_және_қосымша_білім_беру_орталығы
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...
2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...
СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...
Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...
2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...
2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...





__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)









__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)


