Орталық жаңалықтары

«Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтардың маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 17 мамыр күні Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, №7 «Айналайын» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтардың маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға аудан, қаладан 30 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты: педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету, жаңа тың идеялардан туындаған тиімді әдіс-тәсілді меңгертіп, білім сапасын көтеру.

Семинарда іс-әрекетерімен бөліскен Мұнайлы ауданының №7 «Айналайын» бөбекжайы педагогтері Тампиева Айнур, Қайнарбайқызы Даметкен, Байдуллаева Гулшад,Бисекенова Акмоншак, Отарова Зоя, Илалова Наргиза, Калмышбаева Гулнар, Абишева Сандугаш, Утеулиева Айман, Бигараева Тазаш әріптестерімізге ұйымдастырушылар атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Семинар соңында кері байланыс жасалып, пікірлер тыңдалды.

Спикерлерге сертификаттар табысталды. 

title=title=title=title=