Орталық жаңалықтары

«Мектептегі география пәнін оқытудың жетілдірілген әдістері» тақырыбында семинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз күні Ақтау қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Мектептегі география пәнін оқытудың жетілдірілген әдістері» тақырыбында семинар өтті.

Аталған іс-шараға 60 педагог қатысты.

Мақсаты: география пәнін оқытуда жетілдірілген әдістерді қолдануды ұсыну, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, әдістемелік деңгейін жетілдіру.

Іс-шара барысында география сабақтарында, құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың тиімді, белсенді әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Педагогтер білім алушылардың білімге деген талпынысын арттыруға бағытталған тапсырмалар, географиялық есептердің математикалық жолмен шығарылу жолдары бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде:

Маңғыстау ауданы «С.Жаңғабылов атындағы ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі Орынбасарова Құндыз Қуанбекқызы «Географиялық деректерді визуализациялауда қолданатын АКТ түрлері»;

Жаңаөзен қаласы «Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі Тегісбаева Жұлдыз Абдикаликовна «География сабағында тақырыпқа сай нысандарды 3D форматында көрсету»;

Мұнайлы ауданы «№7 ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі Жолдыбаева Құндыз Амангелдиевна «Веб-сайтты сабақтарда тиімді пайдалану»;

Бейнеу ауданы «Атамекен атындағы ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі Эседжанов Максет «Тоқсан соңында жүргізілетін БЖБ және ТЖБ талдауының оңтайлы тәсілдері»;

Қарақия ауданы «№8 ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі Еспулаева Ақкүміс Маратқызы «Педагогтердің аттестациядан өтуі кезіндегі кездесетін қиын сұрақтарды оңтайлы шешу жолдары»;

Түпқараған ауданы «Ғ.Айдаров атындағы №1мектеп-лицей» КММ география пәні мұғалімі Абдуллаева Ақтоты Сабырғалиқызы «Түпқараған ауданының географиясы» оқу-әдістемелік құралының таныстырылымы»

Бейнеу ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ география пәні мұғалімі, облыстық география пәні мұғалімдерінің қауымдастық жетекшісі Сериккали Бекарыс Тулегенұлы «2024 жылға қауымдастық жоспарын таныстыру» тақырыбында ой бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 

title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...