Орталық жаңалықтары

«Мектептегі цифрлық білім беру ортасы: оны қалай құруға және дамытуға болады» тақырыбындағы облыстық вебинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2023 жылдың мамыр айының 26 күні облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған облыстық вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты - Жаңа педагогикалық идеялар мен білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылар шығармашылығын дамыту, білім сапасын арттыру.

Вебинарға әр аудан/қаладан және облыстық білім беру ұйымдарының 58 информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Вебинарда аудан/қаладан 5 баяндамашылар тәжірибелерімен бөлісті:

1. Улмаганбетова Арайлым, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі «Тиімді цифрлық білім беру ортасын құруда қолданылатын интернет технологиялар»;

2. Лақбаева Жанылсын, Маңғыстау ауданы, 7 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі «3d бағдарламасын сабақ процесінде қолдану жолдары»;

3. Мухамбетова Рахия Амановна, Ақтау қаласы С. Қондыбай атындағы 22 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі «Mit app inventor бағдарламасы»;

4. Қаражанова Жанна Рахметуллаевна, Түпқараған ауданы М. Абдихалыков мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі «3D білім беру платформаларын жалпы білім беретін мектептерде қолданудың маңызы»;

5. Амирбекова Гулбану Сайыновна, Ақтау қаласы №21 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі «Liveworksheets және Wizer.me платформаларын сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарда педагогтер іс-тәжірибе алмасып, cұрақ-жауап қойып, пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...