«Мейірім – жан шуағы» студенттік дүкен жәрмеңкесі
2022 жылдың 20 қазан күні Республика күні қарсаңында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің базасында «Мейірімді жүрек- жан шуағы» атты студенттік дүкен жәрмеңкесі өтті.
Мақсаты: студент жастарға еңбексүйгіштік, мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, студенттер өздері дайындаған өнімдерін бағалай білуге, бизнеске, кәсіпкерлікке баулу.
Студенттік дүкен жәрмеңкеге «TALAP» КЕАҚ менеджері Ускенова Ализа Мұратқызы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, студенттері, серіктес мекемелері және ата-аналар, № 16 №14 ЖББМ-нің 9-10 сынып мектеп оқушылары қатысты. Қамтылғаны: 250 адам.
Студенттік дүкенге 12 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері өз қолынан жасалған әсемдік әшекей бұйымдар, азық-түліктер, оқып жатқан мамандық бойынша жасалған өнімдер т.б заттар қойылды.
Жәрмеңкеге келген ата-аналар және жәрмеңкеге қатысушылар қажетті бұйымдарын сатып алып, өз алғыстарын білдірді.
Студенттік дүкен жәрмеңкеден түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қажетті киім - кешек алып беруге жұмсалады.
Жыл сайын өткізілетін студенттік дүкен жәрмеңкесі 2023 жылы Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде өткізу эстафетасы табысталды.
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...
2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...
СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...
Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...
2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...
2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...











__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)









__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)


