Орталық жаңалықтары

«Музыка сабағын пәнаралық интеграция арқылы оқыту шеберлігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 18 наурыз күні Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка сабағын пәнаралық интеграция арқылы оқыту шеберлігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты - музыка сабағында пәнаралық интеграция арқылы оқушылардың білім ауқымын кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру, музыкалық ұғымдар арасындағы байланысты, музыкалық әлемді біртұтас етіп көрсету.

Семинарда Ақтау қаласының №29 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Тұржанова Назира Елемесқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Дуванова Алия Кемалатдинқызы музыка және әдебиеттік оқу пәндеріні кіріктіре отырып 2-сыныпқа «Мерекелік әндер мен күйлер. «Наурыз» әні», Ақтау қаласының №20 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Нурланова Камажай Амантурлиевна мен бастауыш сынып мұғалімі Оңдасынова Оңайгүл Оңдасынқызы 3-сыныпқа музыка пәнін дүниетану пәнімен байланыстыра отырып «Су әуені», Мұнайлы ауданының №15 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Махан Тамара Қалдарқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Сулайманов Марлен Кдырбаевич музыка мен ағылшын тілі пәндерін кіріктіре отырып 6-сыныпқа «Кино және музыка», Бейнеу ауданының Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Аманбаева Гүлбану Смағұлқызы мен тарих пәні мұғалімі Сейілханова Нұршат Саришанқызы музыка пәні мен тарих пәндерін біріктіре отырып 5-сыныпқа «Еуропа халықтарының музыкалық дәстүрі. Италия және Испания», Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Ізбергенова Салтанат Талғатқызы мен тарих пәні мұғалімі Есжанов Исламбек Нұрболатұлы 6-сыныпқа «Кино және музыка» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.

Семинар соңында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы мен қоғамдық-гуманитарлық бөлімнің жетекшісі Молдажанова Жансая Құттымұратқызы семинарды қорытындылап, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, кері байланыс орнатып, әдістемелік көмек берді.

Облыстық семинарда өздерінің іс-тәжірибесімен бөліскен пән мұғалімдеріне Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды.

Барлық семинарға қатысқан және ашық сабақ өткізген әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. 

title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...