Орталық жаңалықтары

«Педагогтерді әдістемелік қолдау: проблемаларды шешу жолдары» семинар

«Педагогтерді әдістемелік қолдау: проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасын орындау, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2023 жылғы 15-16 наурызда Маңғыстау облысы Білім басқармасы мен Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының жетекші сарапшысы С.С. Жұманова мен Инклюзивті білім беру орталығының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Л.А.Бутабаеваның қатысуымен «Педагогтерді әдістемелік қолдау: проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында «Авторлық бағдарламаларды дайындау жолдары» және «Инклюзивті білім беру ортасын құру» тақырыптары талқыланып, аттестациялаудан өту туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға облыстың барлық әдістемелік орталықтарының директорлары, әдіскерлері, жалпы білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері, психологтері сонымен қатар инклюзивті білім беру мамандары қатысып, Ұлттық білім академиясының өкілдерінің тың ақпараттарымен таныса отырып, өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алды және кері байланыс барысында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдіріп, семинардың тиімді болғанын атап өтті. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...

Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...

2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...

2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...