Орталық жаңалықтары

«Тілші мұғалімдер - 2024» облыстық олимпиадасы басталды (1ші күн)

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Тілші мұғалімдер - 2024» олимпиадасы басталды.

Тілші мұғалімдер олимпиадасының мақсаты – педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау.

«Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» демекші, облыстық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары болған 22 педагог қатысты.

Қатысушылар олимпиаданың бірінші күні – теориялық кезеңде педагогикалық идея, грамматикалық талдау тапсырмалары және эссе жазудан сынға түсті.

Екі күн бойы өтетін олимпиаданың әділқазылар алқасы республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, облыстық пәндер қауымдастығының мүшелері мен былтырғы жеңімпаздардан құрылған.

Олимпиаданың екінші күні – практикалық кезең 23 ақпан күні жалғасын табады. Ертең мұғалімдер жеребе арқылы анықталған сыныптарына ашық сабақ өткізетін болады.

Олимпиадаға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тілейміз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...