Орталық жаңалықтары

VI республикалық «Worldskills Kazakhstan» чемпионаты басталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында VI республикалық «Worldskills Kazakhstan» чемпионаты басталды.

Маңғыстау облыстық туризм колледжінде «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша конкурстың ашылу салтанаты өтті. Әр аймақтан келген 15 студент пен сарапшылар өз бақтарын сынауда. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова қатысушыларға сәттілік тілеп, өз лебізін жеткізді.

«WorldSkills чемпионаты техникалық және кәсіптік білім саласындағы басты көрсеткіштерінің бірі болып отыр. Республикамыздың 180 колледжі «Жас маман» жобасы бойынша жабдықталып, ұлттық чемпионатты өңірлерде өткізу мүмкіндігі туды. Маңғыстау туризм колледжінің базасында бұл конкурстың өтуі біз үшін өте маңызды. Сіздер әрбір сала мамандықтарын халықаралық деңгейге сай дәрежеде меңгеріп, шетелдік кадрларға бәсекелестік тудыратын маман болуыңыз қажет. Себебі қазір елімізде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес әр өңірде жаңа өндірістік кәсіпорындар салынуда. Оларға білікті кәсіби жұмысшы мамандары ауадай қажет»,-деді Гүлмира Қалмұратова.

Айта кетейік бүгін конкурстың қатысушылар үшін жұмыс орындарын дайындау кезеңі өтеді. Содан соң «Aktau Tourism City Ltd» RIXOS қонақүйіндегі TETYSBLU паркіне экскурсия жүргізіледі.

9, 10, 11 қараша күні конкурстың негізгі бөлімі өткізіліп, 11 қарашада CIS бағалау жүйесінде қорытынды шығарылады. 

title=title=title=title=title=title=


"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...

Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...

2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...

2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...

Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...

2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...

Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...

2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...

Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...