Орталық жаңалықтары

Ақтау қаласының №11 «Кәусәр», №23 «Ақмоншақ» бөбекжайларының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

2023 жылғы 18 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының №11 «Кәусәр», №23 «Ақмоншақ» бөбекжайларының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік көмек тобының мақсаты: мектепке дейінгі білім жүйесіндегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Теориялық бөлімде Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің жетекшісі Ұ.Аманчаева: «Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру»;

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Г.Қиянова: «Заттық - кеңістік дамытушы ортаны құруға ұсынымдар»;

Ақтау қаласының №44 «Шаттық» бөбекжайының әдіскері А. Қошмұрзаева: «Жаңа инновациялық технологияларды мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді пайдалану жолдары»;

Жаңаөзен қаласының №12«Рахат» бөбекжайының әдіскері М.Бимағанбетова: «Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие жұмыстарында басшылыққа алатын негізгі нормативтік құжаттар» тақырыптарында әдістемелік көмек берді.

Практикалық бөлімде бөбекжайлардың техникалық–базалық жағдайымен танысып, заттық – дамытушы орталықтарды жасақтауға ұсыныстар айтылды.

Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалып, педагогтер әдістемелік көмек тобына ризашылықтарын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...