Орталық жаңалықтары

Х Халықаралық «Айбын» әскери- патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті.

Білім басқармасының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10 мамыр күні «Оқушылар сарайы» базасында жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының арасында «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті.

Жиынның мақсаты - Жас ұрпақ арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті құндылық деңгейінің маңыздылығын насихаттау.

Жиынның облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпазы болған, 7 команда қатысты. Командалар 4-18 жас аралығындағы 105 білім алушыдан құрылған.

Сынға түскен командалардың арасынан әділқазылар алқасы 6 кезең бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен командаларды анықтады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болды:

І орын – Ақтау қаласы «Ақтау» командасы;

ІІ орын – Жаңаөзен қаласы «Қайсар» командасы;

ІІІ орын – Қарақия ауданы «Жас қыран» командасы.

Сонымен қатар, жиынның ережесіне сәйкес жекелеген номинациялары бойынша төмендегідей нәтиже анықталды.

«Кермеде тартылу» номинациясы бойынша:

Ақтау қаласы, Асылбекұлы Қуаныш;

«Арқаға жатып денені көтеру» номинациясы бойынша:

Жаңаөзен қаласы, Сауле Альбина;

«Толық емес бөлшектеу және толық бөлшектеуден кейін жинау» номинациясы бойынша:

Ақтау қаласы, Жолдасбай Серік;

«Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындау» номинациясы бойынша:

Қарақия ауданы, Анвар Бағжан марапатталды.

Облыстық жинынның жеңімпаздары Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтау отырып, жемісті және жеңісті күндерінің көп болуын тілейміз. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=