Орталық жаңалықтары

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған облыстық вебинар өткізілді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 29 күні облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған облыстық вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты - Жаңа педагогикалық идеялар мен білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылар шығармашылығын дамыту, білім сапасын арттыру.

Вебинарға әр аудан/қаладан және облыстық білім беру ұйымдарының барлық пән мұғалімдері қатысты.

Вебинарда аудан/қаладан 5 баяндамашы тәжірибелерімен бөлісті:

Нуржауова Гулмира Маратовна Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі «TopIQ.kz web платформасы»;

Избасарова Гулбаршын Максымовна, Қарақия ауданы З.Бекарыстанұлы атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі «География сабағында оқушы белсенділігін арттыру үшін жаңа технологияны пайдалану»;

Ізтұрғанова Светлана Айткұлқызы, Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі «Lumio платформасын сабақта қолданудың тиімділігі»;

Кенебаева Жумагул Аманбековна, Маңғыстау ауданы, С. Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектепбінің информатика пәні мұғалімі «Веб сервистік технологиялар арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру»

Калилашова Лаззат Джарасқызы Мұнайлы ауданы, №15 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарда педагогтер іс-тәжірибе алмасып, cұрақ-жауап қойып, пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...