Орталық жаңалықтары

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті.

2023 жылдың 2 қарашасы күні Ақтау қаласындағы №30 жалпы білім беретін мектепте педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді таныту және әдістемелік көмек беру мақсатында облыстық жаратылыстану-математика (математика, физика, химия, биология, география) пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы, сондай-ақ информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» олимпиадасы өтті.

Байқауда мұғалімдер портфолио, бейне сабақ және олимпиадалық тапсырмалардан есептер шығару бойынша додаға түсті. Барлығы 47 мұғалім қатысты.

Сонымен қатар мұғалімдерге байқау бөлімдері бойынша әдістемелік көмек беріліп, есептердің шығару жолдары түсіндірілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша мұғалімдер дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

І орын:

1) Ишбатыров Өсер Абылбаевич – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі;

2) Ордабаев Мансур Болатұлы – Маңғыстау ауданы, «№7 мектеп-лицейі» КММ, физика пәні мұғалімі;

3) Алимбеков Хусан Равшанович – Жаңаөзен қаласы, «А. Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ, физика пәні мұғалімі;

4) Сәрсен Алтынай Жетекқызы – Ақтау қаласы, «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ, химия пәні мұғалімі;

5) Нәубет Ақтоты Әдиетқызы – Ақтау қаласы, «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, биология пәні мұғалімі;

6) Менкеева Шынар Жандырбаевна – Жаңаөзен қаласы, «№24 мектеп-лицейі» КММ, география пәні мұғалімі;

7) Калиева Құралай Жаңабайқызы – Ақтау қаласы, «Tanym School» мектебінің информатика пәні мұғалімі.

ІІ орын:

1) Әлайдаров Мұрат Болатұлы – Жаңаөзен қаласы, «А. Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ, математика пәні мұғалімі;

2) Сейдахметова Ляйля Каргабаевна – Маңғыстау ауданы, «Жармыш жалпы білім беретін мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі;

3) Мұратова Ұлдай Мейрамқызы – Ақтау қаласы, «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» КММ, химия пәні мұғалімі;

4) Өскембаева Әсел Бақытқызы – Жаңаөзен қаласы, «№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ, биология пәні мұғалімі;

5) Орынбасарова Құндыз Қуанбекқызы – Маңғыстау ауданы, «С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, география пәні мұғалімі;

6) Ниязова Молдир Нурадиновна – Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

ІІІ орын:

1) Аймаганбетова Пердегул Оракбаевна – Мұнайлы ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ, химия пәні мұғалімі;

2) Сүлейменова Айымгүл Сүлейменқызы – Қарақия ауданы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ, биология пәні мұғалімі;

3) Чабаева Асем Есетовна – Қарақия ауданы, «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ, география пәні мұғалімі;

4) Кенебаева Жумагул Аманбековна – Маңғыстау ауданы, С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

«Үздік бейнесабақ» номинациясы:

1) Имангалиева Жансая Бимырзаевна – Мұнайлы ауданы, «№13 мектеп-гимназия» КММ, математика пәні мұғалімі;

2) Түркпенбаева Жангүлім Назарқызы– Түпқараған ауданы, «Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ, физика пәні мұғалімі;

3) Баянқожа Нұрайым Сәбитқызы – Бейнеу ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, физика пәні мұғалімі;

4) Киясова Айнагуль Маратовна – Бейнеу ауданы, «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, химия пәні мұғалімі;

5) Оңғарбаева Гүлбану Серікбайқызы – Түпқараған ауданы, «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, биология пәні мұғалімі;

6) Қожимов Нұрдаулет Мақсатұлы – Бейнеу ауданы, «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ, география пәні мұғалімі;

7) Култанов Колганат Рахмедович – Мұнайлы ауданы, «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ, география пәні мұғалімі;

Мамакова Парида Полатқызы – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз! 

title=title=title=title=