Кәсіби шеберліктің III Республикалық чемпионаты басталды
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 23 қазаны күні Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы Н.Бекбосынов атындағы энергетикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы III Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында өткен аталмыш шараға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Алматы, Палодар, БҚО, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Абай, Жетісу, Ұлытау, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген конкурс қатысушылары, Туризм және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледждерінің басшылары, серіктес мекеме өкілдері, және конкурс қатысушылары, ардагер ұстаздар мен инженер-педагогтерден барлығы 155 адам қатысты.
Кәсіби шеберлік чемпионатының теориялық және практикалық бөлімдерін 23-27 қазан күндері аралығында Маңғыстау туризм және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледждерінің базасында, сонымен қатар «Caspian Riviera» қонақ үйінде өткізу жоспарланған.
Чемпионатқа қатысушы 79 инженер-педагог «Аспаздық ісі», «Кондитерлік іс», «Наубайшы ісі», «Мейрамханалық қызмет», «Қонақ үй әкімшілігі», «Сән технологиясы», «Цифрлық модельдеу» құзіреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынайды.
Республикалық шеберлік чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...