КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА
Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Worldskills чемпионатының құрамдас бөлігі «Digitalskills Mangystau 2024» ІТ саласы бойынша облыстық чемпионаты өтіп жатыр.
22 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Чемпионатқа өңіріміздегі 17 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты жастары қатысуда. 3 күнге созылатын аталмыш чемпионатта 124 студент 21 құзыреттілік бойынша бақ сынап, 150-ден астам сарапшы бағалайды. Олардың ішінде, «Цифрлық модельер», «BIM ақпараттық модельдеу технологиясы», «Киберқауіпсіздік», «Моушн дизайн», «Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту» құзыреттіліктері бойынша өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылуда.
Digitalskills цифрлық технологиялар саласы бойынша облыстық чемпионат технология индустриясы мамандарының дағдыларын жетілдіру, ел экономикасын цифрландыруға үлес қосу, сарапшылар қауымдастығының бағасын алу мүмкіндігі. Чемпионат 9 құзыреттілік алаңдарында өткізіледі.
Үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту мақсатында өтіп жатқан чемпионаттың жеңімпаздары республикада өтетін құзыреттіліктер бойынша Worldskills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...