Орталық жаңалықтары

Құндылыққа толы қоңырау», «Кітап оқы да, жеңімпаз бол!» жобаларының тиімділігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыруда «Құндылыққа толы қоңырау», «Кітап оқы да, жеңімпаз бол!» жобаларының тиімділігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асырудағы кіші жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында өткен семинарға өңірдегі колледждерден басшының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен кітапханашылардан барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Семинарда студенттердің қоңырау кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «Бір қалам – бір мақал», «Күй тартып, сыйлық ал!», «Жеміс сыйы», «Тегіңді білсең, түгелсің», «Табақ тарта білесің бе?», «Тәтті құрт», «Асық алаңы» ойындары семинарға қатысушылар арасында ұйымдастырылды.

Өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан келген мамандар мақал айтып, қалам ұтты; күй тартып, тәттілерге ие болды; дойбы ойнап, жемістер жинады. Табақ тартудың да шеберлері суырылып, алға шықты. Тәтті құртты ұтып алғандар да болды. Қатысушылар осы жеті аралдан өте жүріп, Н. Бекбосынов музейімен танысты.

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Сәтберген «Ұлттық тәрбие: Ұлылық. Тектілік. Құндылық» тақырыбында ТЕD-х форматында жоба аясындағы жұмыстарымен, олардың нәтижесімен бөлісе отырып, қатысушыларға кітап оқытты, сол бойынша сұрақ қойды. Жеңімпаздарға Н.Жантурин атындағы драма театрында өтетін «Көке» қойылымына 10 адамға билет табыстады.

Кітапханашы тарапынан квест ойыны ойналды, жеңімпаз команда себет толы жемісті ұтып алды.

Семинар студенттердің дебат ойынымен қорытындыланып, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін, алғыстарын білдірді. 

title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...