Кітапханашылардың облыстық семинары өтті
2022 жылғы 18 қазан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Мектеп кітапханасы жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының облыстық семинары өтті
Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, ақпараттық мәдениетін арттыру, жаңа кәсіби тәсілді қалыптастыру. Кітап оқуды насихаттауда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында өткен бұл шараға 55 адам қатысты.
Семинарда ең өзекті тақырыптар - мектеп кітапханашыларының кәсіби құзіреттілігін арттыру, мектеп кітапханасы мен облыстық кітапхананың байланысын нығайту, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілетін жұмыстар төңірегінде баяндамалар оқылды. Сонымен қатар, оқушылармен, мектеп мұғалімдерімен және ата-аналармен жұмыс жүргізуде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдердің үздік үлгілері көрсетіліп, кітапханашылар бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Семинар аясында облыстық кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалының меңгерушісі Г.Үйсінбаева да баяндама жасап, инклюзивті қоғамды дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Көзі көрмейтін немесе нашар көретіндерге арналған басылымдармен, арнайы құрылғылармен таныстырды. Қатысушылардан өлкемізде осындай кітапхананың жұмыс жасайтындығын кеңінен насихаттауды сұрап, өтініш білдірді.
Семинар соңында кітапханашылар спикерлерге сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...