Мәнерлеп оқу байқауы қашықтан өткізілді
Бүгін, 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Карантиндік шаралар ескеріліп, шара қашықтан өткізілді.
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасынан талантты оқушыларды, жастарды анықтау, тілді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен бұл байқауға барлығы 25 жұмыс ұсынылды.
Жұмыстарды іріктеу барысында төмендегідей ортақ кемшіліктер байқалды:
-уақытты ескермеу, уақыттың межесінен шықпау;
-сөз мағынасына терең бойламау;
-екпін, ырғақты ескермеу, шығарманы жатқа білмеу;
-ережеге сай келмейтін жұмыстарды жіберу (қазақ балалардың жұмыстарын жолдау);
-бейнематериалдардың сапасының төмендігі.
Қазылар алқасы осы кемшіліктерді ескеріп және бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орындар тағайындады.
9-13 жас аралығындағы балалар арасында:
І орынды Қарақия ауданы, №1 ЖББМ 7 сынып оқушысы Тюлеуханова Кристина;
ІІ орынды Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Ахмедьянова Рахиль иеленді.
III орынды Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы ЖББМ 4 сынып оқушысы Альбертқызы Айару мен Ақтау қаласы, ІТ лицейдің 7 сынып оқушысы Арустамова Ева тең бөлісті.
Ал 15-21 жас аралығындағы жастар арасында:
I орынды Туризм колледжінің 3 курс студенті Овчинников Артем,
ІІ орынды Мұнайлы ауданы, №7 ЖББМ 10 сынып оқушысы Турсынбаев Арман,
ІIІ орынды Қарақия ауданы, №1 ЖББМ 11 сынып оқушысы Низамидин Мәлік пен Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ 8 сынып оқушысы Шихиев Даянч иеленді.
Байқауға қатысушылар оқыған шығармаларын әлеуметтік желілерде #туғантілдісүйемін хэштегімен жариялады.
17 қыркүйек 2021 жыл
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...