Облыстық «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өтті
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласының №15 жалпы білім беру мектебінде оқушылар арасында «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының облыстық кезеңі өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гарабаев Тажен мен №25425 әскери бөлімнің 3 дәрежелі капитан Сабиғат Ерлан Алдажарұлы қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарға мәдени және әскери – патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, қыздар арасында әскери – қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.
Облыстық «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы болған және облыстық мектептердің 15-17 жас аралығындағы оқушы қыз балаларынан құралған 9 команда қатысты.
Сайысқа қатысушылар бірінші кезеңде ВП-І шынтақпен бағанаға немесе тіреуге сүйеніп, тұрып ату бойынша, екінші кезеңде ВП-ІІ тіреусіз, тұрып ату әдісі бойынша сынға түсті.
Сайыстың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:
І орын – Жаңаөзен қаласы, "Қайсар" тобы ;
ІІ орын – Қарақия ауданы, "Жас сарбаз" тобы ;
ІІІ орын – Ақтау қаласы, "Тұлпар" тобы;
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының «Қайсар» командасының мүшесі Сауле Альбина және Жолымберді Нұрсұлу «Үздік мерген» номинациясына ие болды.
Сайысқа қатысушы қалған командаларға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттары табысталды.
Сайыстың барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!
Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...
2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...
2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...
2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...
Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...