Өңірдің үздік мұғалімдерінің бас қосуы өтті
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін тарату, шығармашыл мұғалімдерді насихаттау, жас мамандарға тәлімгерлік ету мен әдістемелік көмек беру мақсатында құрылған үздік педагогтер қауымдастығы бүгінге күнге дейін бірқатар жұмыстар атқарды.
Қауымдастыққа әр жылдары республикалық «Үздік педагог» сайысында жүлделі орындарға ие болып жүрген өңіріміздің шығармашыл ұстаздары еді. Олар бүгінде жеке және бірлескен авторлық жұмыстарын әзірлеуде.
21 қаңтар күні аталған қауымдастық мүшелері Маңғыстау облысының білім басқармасында бас қосты. Отырыста қауымдастықтың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алда атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыланды.
Нәтижесінде 5-7 сыныптарға арналған «Әбіштану» факультатив сабағының оқулығы әзірлемесін Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сараптау комиссиясына ұсыну, жас мамандарға үздік педагогтар қатарынан тәлімгер тағайындау, сонымен бірге жұмыстарды желілерде кеңінен насихаттау бойынша ұсыныстар берілді.
Осы орайда жас ұрпаққа білім беруде аянбай еңбек етіп, өңіріміздің білім сапасын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін Ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз!
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...