Орталық жаңалықтары

Республикалық «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының хатына сәйкес, 2024 жылдың 24 сәуір күні Республикалық «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға өңіріміздегі Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен Оңалту орталығынан 21 білім алушы қатысты.

6 номинация бойынша бақ сынаған қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы қарап, төмендегідей қорытынды шығарды:

«Алтын дауыс» номинациясы :

І орын – Шалабай Ұлжан, Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІ орын – Есенқызы Нигора, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІІ орын – Зорбай Рауза, Оңалту орталығы.

«Үздік декламатор» номинациясы:

Кіші топ:

І орын – Қуат Дидар, Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІІ орын – Бердіхан Абдурахим, Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

«Кішкентай биші» номинациясы:

І орын – Буркыталы Ақназ, Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІ орын – Болат Медина, Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

«Жаңа бастаған әртіс» номинациясы:

І орын – «Кішкентай әрітстер» тобы, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.

«Оркестр» номинациясы:

І орын – «Бозжыра» тобы, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.

«Бармағынан бал тамған» номинациясы:

І орын – Медеубек Қасиет, Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІ орын – Утепқалиқызы Жанерке, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

ІІІ орын – Тұрғанбай Ерболат, Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.

Жеңімпаздар орталықтың арнайы дипломдарымен марапатталады.

І орын иегерлері байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

title=