Студентер арасында облыстық дебат турнирі өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығымен Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және Дін мәселелері бойынша ақпаратты талдау орталықтарының бірлескен жоспары аясында облыстық «Білім – рухани азықтың тірегі» тақырыбында 2023 ж. 18 наурыз күні «Жастар үйінде» пікірсайыс турнирі өтті.
Студенттердің қызығушылығын арттыру, жас буын пікірсайысшылар легін қалыптастыру. Мемлекеттегі ұлтаралық келісімді нығайту, отансүйгіштік қасиетке баулу мақсатында өткен турнирге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 20 құрама қатысты.
Турнирге қатысқан фракциялар 12 тақырып бойынша өзара мықтыны анықтады:
5 кезеңге созылған турнирде сөзден сүрінбей, жүзден жүйрік шыққан 2 команда финалға жолдама алды.
Нәтижесінде:
“Алау” фракциясы (Маңғыстау туризм колледжі) І орынды;
“Ой зерек” фракциясы (Каспий өңірі Болашақ колледжі) ІІ орынды;
“Ұшқыр ой” фракциясы (Есенов колледжі) ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар Ш. Есенов атындағы колледжінің студенті Ернар Елдібаев “Үздік спикер” номинациясы бойынша, Нәбиева Айдана “Үздік төреші” номинациясымен марапатталды, арнайы кубок табысталды.
Барлық жеңімпаздар дипломдар және сертификаттармен марапатталды.
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...