Тәрбие бағытында жүрмелі әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін, 12 ақпан күні Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде М. Горький мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, З.О. Баймырзаев мектебі, ФШМЛ, Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі,«Құлыншақ», «Ақбота», «Айгөлек», «Алпамыс», «Балбөбек», «Толағай» бөбекжайларының мамандарына тәрбие бағытында жүрмелі әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмекте: Нормативтік құжаттармен таныстыру; Тәрбие жұмысының жоспарын құру; Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру; Мектептегі психологиялық қызмет жұмысы; Дефектологтер мен логопедтердің жұмыс жоспары; Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері; Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, тарату; Әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру; Республикалық жол карталарының, облыстық кешенді жоспарлар, іс-шаралардың жүзеге асырылуы, бекітілген орындалу мерзімдеріне сәйкес тұрақты қадағалап отыруды қамтамасыз ету сынды тақырыптарда мамандарға нақты бағыт-бағдар берілді.
Жоспарланған 12 білім беру ұйымнан, барлығы 42 маман - 20- директордың тәрбие жөнінде орынбасары мен тәлімгер (45%), 10-педагог-психолог(48%), 6-дефектолог(42%), 4-логопед(25%), 5-әлеуметтік педагог(38%) әдістемелік көмек алды.
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...