IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдерінің IХ халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 385-тен астам мұғалім қатысты.
Маңғыстау облысынан аталған пәндер аясында 27 мұғалім бақтарын сынады. Оның ішінде 20 мұғалім жеке сайыстар бойынша үздік деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды:
І орын – Ураков Алибек Джумабаевич (Ақтау қаласы);
ІІ орын – Джубанов Қабай Нураханович (Бейнеу лицейі);
ІІІ орын – Абуова Индира Салекеновна (Ақтау қаласы), Ережепова Наргиза Уайсовна (Жаңаөзен қаласы), Ахмеджан Диас Гайратұлы (Түпқараған ауданы), Конурбаев Ермек Мұхтарұлы (Мұнайлы ауданы), Рахметов Көбейсін Абибуллаевич (Мұнайлы ауданы);
IV орын – Кудайбергенова Радина Батырхановна (Ақтау қаласы), Орынбасаров Джалгасбай (Жаңаөзен қаласы), Нурлыбекова Алтынгүл Маткеримовна (Түпқараған ауданы), Калиева Сауле Сыдыковна, Дуисенбаев Бахытжан Генжебаевич, Қалбайтегі Ақылбек Аманжолович (Мұнайлы ауданы).
Физика пәні бойынша:
ІІІ орын – Жаңабай Данияр Талғатұлы (Түпқараған ауданы);
IV орын – Қайырханов Мерей (Түпқараған ауданы), Аймагамбетов Аманжол Серикович (Мұнайлы ауданы);
Информатика пәні бойынша:
І орын – Мақсатов Шалқар (Түпқараған ауданы);
IІІ орын – Мұқан Ақырза Ордалықызы (Ақтау қаласы), Елжанова Гульназ Жексенбаевна (Мұнайлы ауданы);
IV орын – Акмурзаева Жибек Базарбайқызы (Мұнайлы ауданы)
Жеке сайыстардың нәтижесін есептей келе, топтық сайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы жүлделі ІІ орынға ие болды.
Байқау соңында жаратылыстану-математика саласындағы білікті мамандар мен ғалымдардың қатысуымен семинарлар, кездесулер өткізілді.
Әріптестерді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! Облысымыздағы математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің мәртебесі арта берсін!
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...