Орталық жаңалықтары

Әдістемелік көмек көрсетілді

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 қарашадағы №31-нқ бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 22-23 қараша күндері балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу және бала құқығын қорғау мақсатында Ақтау қаласы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 және Мұнайлы ауданы №14 жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек жұмыстарын ұйымдастырды.

Нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білу жөнінде З. Тұрлан (Орталық директоры) «Білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері», С. Каракулов (Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары) «ДТЖО мен психологтың біріккен жұмысы оқушы психикасының қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, Ғ. Койтанова (Орталық психологы) аутодеструктивті мінез – құлықты қалыптастырудағы ықпал ететін факторларды алдын – алуда жүргізілетін профилактикалық шаралар бойынша түсіндіріп, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығымен жұмыс жүргізілетіндігін айтты. 

title=title=title=


«Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің білім басқармасымен бірлескен ...

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ...

«Үздіктер шеруі - 2024» облыстық шарасы өтті. 2024 жылғы 27 желтоқсан күні аудан, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Қ. Жұмашевтың қатысуымен Х. Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы ...

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы 2024 жыл 12 ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...