Орталық жаңалықтары

Тәжірибе алмасу семинары өтті

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Әдістеме: шеберлік, кәсібилік, біліктілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Білім беру ұйымындағы тәжірибелі оқытушылардың практикалық жұмысының үздік нәтижелерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында өткен шараға 52 адам қатысты.

Аталмыш шара екі бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде колледждің тәжірибелі педагогтері төмендегі тақырыптарда:

Тугерова Галия Бердибаевна «Педагогикалық шеберлік: Тәжірибе, сапа, нәтиже»;

Құсайынова Ляззат Қожағұлқызы мен Абишева Маржан Сыдиыковна «Колледждегі жас педагогтер мен студенттерге арналған анықтамалық нұсқаулығын енгізу тәжірибесі»;

Юбасарова Гулзира Конысбаевна «Қолданбалы бакалавр мамандығына оқу жұмыс жоспарын әзірлеу» баяндама жасап, шебер сыныптар көрсетті.

Ал практикалық бөлімде:

Қазақ Хасан Сардарұлы «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы»;

Джумагазиева Шара Каниевна «Қолданбалы бакалавр» біліктілігіне «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша функционалдық карта әзірлеу»;

Казиева Майра Алибаевна, «Ақылды үй құрылғысын басқару»;

Жанұзақов Еламан Нұрланұлы «Startup – білімге бірінші қадам»;

Лукпанова Салтанат Аскатовна «Автокөліктің ілініс корзинасын шашып, бөлшектеуге арналған механикалық құрал (іскенже)» тақырыптарында воркшоп, шебер сыныптар көрсетілді.

Семинар-пркатикумға әр колледжден қатысқан әдіскерлер мен арнайы пән оқытушылары әр шараның маңыздылығын, өзектілігін, оқытушылардың кәсібилігі мен шеберлігін жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін алғаны үшін өз алғыстарын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=


2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...

2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу ...

2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 ...

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық ...

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп ...

Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...