Облыстық сараптамалық кеңестің қызметі туралы
2026 жылғы 12 мамыр күні облыстық сараптамалық кеңестің ІІ отырысы өткізілді.
Ағымдағы жылы облыстық сараптамалық кеңестің қарауына барлығы 482 жұмыс түсіп, Сараптамалық комиссия отырысының шешімімен 3 педагогтің жұмысы ( Жаңаөзен – 1, Маңғыстау – 1 , Түпқараған – 1) республикаға ұсынылды.
Сараптама нәтижесінде жалпы бекітілу көрсеткіші 53%-ды құрады. Облыстық деңгейде 251 жұмыс бекітіліп, 229 жұмыс белгіленген талаптарға сәйкес толықтыру және қайта өңдеу үшін авторларына қайтарылды.
Облыстық сараптамалық кеңес педагогтердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыруға, авторлық жұмыстардың сапасын жетілдіруге және үздік тәжірибелерді іріктеу арқылы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...







