Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2025 жылдың 19 ақпан күні Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Оқу ...

Бүгін, 18 ақпанда Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы А. Кумбаевтың ...

2025 жылғы 17 ақпан күні облыстық мобильді топтың іс - шаралар жоспарына сәйкес, ...

 Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында 14 ақпан “Халықаралық кітап сыйлау ...

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

12.02.2025ж күні математика пәні мұғалімдерін әдістемелік қолдау бағытындағы ...

11.02.2025 күні Жаңөзен қаласы бойынша №23 жалпы білім беретін мектеп базасында ...

Бүгін, Ақтау қаласы, №6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы облыстық инклюзивті ...

Күй – қазақ халқының рухани байлығының ажырамас бөлігі, ұлттық өнеріміздің биік ...