«943 – ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 59 НЫСАНАЛЫ МЕКТЕБІНЕ ЖАУАПТЫ МЕНТОРЛАРЫ МЕН ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2024 жылдың 2 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Маңғыстау облысының 59 нысаналы мектебіне жауапты менторлары мен әдіскерлеріне дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараның мақсаты: Нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау, әдіскер ментордың нысаналы мектебімен өзара іс-қимыл жоспарын жасақтау.
Қамтылған аудитория: қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтарының жауапты әдіскерлері, нысаналы мектепке тағайындалған әдіскер-менторлар.
✅Шара барысында:
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры – Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, сөз сөйледі;
«Нысаналы мектептердің жеке портреттеріне талдау» – Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
«Нысаналы мектеп педагогтерінің базалық курстан өтуінің ағымдағы жағдайы» – Қазбекова Айман Темірқұлқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеу» бөлімінің әдіскері.
Шара соңында ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жұмысты одан әрі тиімді жүргізу және дамыту жолдары талқыланды. Әріптестер берілген тапсырмаларды шешу барысында бөлінген білім беру ұйымдарымен жасалатын жылдық жоспарын жасады.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...
2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...
Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...
2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Алматыкітап» ЖШС-нің оқу ...