Орталық жаңалықтары

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Есірткісіз болашақ» облыстық байқауы қашықтан өтті. Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен байқауға жалпы білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Қатысушылар «Есірткі – ғасыр тажалы!» және «Мен өмірді қалаймын!» сахналық қойылымдар номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, қорытындысында төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды.

«Есірткі – ғасыр тажалы» сурет салу номинациясы бойынша:

І орын – Қанат Жадыра, Маңғыстау ауданы Жармыш жалпы білім беретін мектебі;

ІІ орын – Құрманғазиев Мәди, Жаңаөзен қаласы №8 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын -  Сәркен Салтанат, Түпқараған ауданы С. Шапағатов мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын – Мәдениет ӘСел, Қарақия ауданы №1 жалпы білім беретін мектебі.

«Мен өмірді қалаймын!» сахналық қойылымдар байқауы бойынша:

І орын – «Маршал маржандары» тобы, Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия;

ІІ орын – «Сәду шамшырақтары» тобы, Маңғыстау ауданы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат;

ІІІ орын – «Жарқын болашақ» тобы, Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектеп;

ІІІ орын – «Болашақ жастары» тобы, Жаңаөзен қаласы №14 жалпы білім беретін мектеп.

Жеңімпаздар орталықтың арнайы дипломдарымен марапатталады. Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз!

 

title=title=title=title=


2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне ...

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...

2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...